ЕО Ауғанстан халқына 300 миллион еуро көлемінде көмек көрсетеді

Жарияланды 23 Қараша 2021 08:15

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

Еуропалық Одақ Талибан үкіметін (Қазақстанда ұйымға тыйым салынған) мойындамайды, бірақ Ауғанстан халқына көмек көрсетеді, деп хабарлады Еуроодақтың халықаралық серіктестік жөніндегі өкілі Джутта Урпилайнен, деп хабарлайды Интерфакс.

Оның айтуынша, көмек бірнеше бөліктен тұрады, олардың негізгісі гуманитарлық құрам.

 «Көмек Ауғанстан халқының өмірін жақсарту үшін беріледі. Біз, әрине, Ауғанстанның қазіргі үкіметін мойындамай жұмыс істейміз», – деді ЕО өкілі.

Ол осы көмек аясында 300 миллион еуро ұсынылып жатқанын атап өтті.

Қазан айының соңында БҰҰ сайтында шұғыл шаралар қабылданбаса, қарашада Ауғанстанға ауқымды ашаршылық қаупі төніп, ел халқының жартысы (23 миллионға жуық адам) азық-түлік тапшылығын бастан кешіретінін хабарлады.

Өз қорытындыларында зерттеу авторлары бірнеше факторларды ескерді: құрғақшылық, қақтығыстар, пандемия және экономикалық дағдарыс.

Сондай-ақ оқыңыз