Энергетика министрлігі мұнай тасымалдаудың балама бағыттарын қарастырып жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
Ресми мәлімет бойынша, Новороссийскіде соққа дауыл КҚК теминалы жұмысына әсер еткен

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалындағы апаттан кейін, ел мұнайын экспорттау балама жолдарын қарастырып жатыр. Қазіргі кезде теңіз терминалы жұмысын қалпына келтіру мерзімі бойынша кеңес жүріп жатыр, деп хабарлайды министрлік баспасөз қызметі.

«2022 жылғы 22 наурыздағы КҚК ақпаратына сәйкес кезектен тыс инспекцияның қорытындысы бойынша айлақтағы шығару құрылғыларының жүзбелі шлангілері зақымданған. Осыған байланысты КҚК-мы жуып, жөндеу үшін бұл құрылғылар уақытша пайдаланылмайды» делінген хабарламада.

Министрлік ақпараты бойынша, Новороссийскіде қатты дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 35 метрге жеткен. Бұл Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалының жұмысына әсер еткен.

Сондай-ақ оқыңыз