Қазақстанда газ  екі есе қымбаттауы мүмкін

Жарияланды (жаңартылды )
ЕАЭО ортақ газ нарығының құрылуына байланысты

2025 жылға қарай, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ газ нарығы құрылуына байланысты, Қазақстанда газ екі есе қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы 6 маусымда Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов мәлім етті.

«Сондай-ақ ЕАЭО-дан газ импорттаушы елдерінің нарығына арзан қазақстандық газ ағынының алдын алу үшін, ортақ нарыққа қосылуды ескере отырып, газ бағасын  жайлап көтеру қажет болады. Қазақстан 2025 жылы ЕАЭО-ның ортақ газ нарығына қосылған кезде газ бағас екі есе қымбаттап,  тұтынушылар қалтасына салмақ салуы мүмкін» деді ол.

Энергетика министрлігі бірнеше рет айтып өткендей, Қазақстандағы газ  құны Ресейдегі бағадан айтарлықтай төмен. Сондықтан, ұлттық компания тұтынушыларды саралап, газ бағасын кезең-кезеңімен көтеруді ұсынып отыр, кейбіреулері газды нарықтық бағамен сатып алуға мәжбүр.

Бұған дейін ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен кен өндіруші шаруашылықтар газды нарықтық бағамен сатып алатынын, ішкі нарыққа газ жеткізу QazaqGaz үшін тиімсіз екені хабарланған болатын. Себебі, жер қойнауын пайдаланушылардан 25209 теңгеге сатып алынатын 1000 текше метр газ құны газ таратушы ұйымдарға сату бағасы – 14 327 теңгедан асып түседі, яғни кәсіпорын әрбір мың текше метрден 11 000 теңге жоғалтады.

 Сонымен қатар, Санжар Жаркешовтың айтуынша, қазіргі кезде QazaqGaz компаниясынан 123 млрд теңге көлемінде қаржылық заң бұзу дерегі анықталған.

Сондай-ақ оқыңыз