Банк пен қаржы

«Отбасы банк» операциялардың қосымша түрлеріне лицензия алды

Фото: Kursiv.media

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамға операциялардың қосымша түрлерін қосуға лицензия берілді. Рұқсат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасарының 2023 жылғы 03 наурыздағы № 151 бұйрығына сәйкес беріліп отыр. Бұл туралы Агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Банк жүргізуге рұқсат берілген қосымша операциялар:
банк операцияларын және жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызу үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашу және жүргізу;
– жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызу,
– денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,
– ауылдық елді-мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне
әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін сенімгердің мүддесіне және тапсырмасы бойынша
ақшаны басқарудың сенімгерлік операциялары сияқты өзге де операцияларды жүргізуге лицензия берілді