Жаңалықтар

Балаларды отбасынан ешкім де тартып алмайды – Оқу ағарту министрлігі әзірленіп жатқан Заң жобасы туралы

дети
Әзірленіп жатқан заң жобасында балаларды ата-анасынан тартып алу туралы норма жоқ / Фото: shutterstock

Парламентте қаралып жатқан жатқан заңда балаларды ата-анасынан күштеп тартып алу туралы заң қарастырылмаған. Бұл жайлы Оқу ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлады.

«Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде білім беру, балалардың құқықтарын қорғау және әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әзірленген екі заң жобасында отбасылардан балаларды мемлекеттік органдардың тартып алып қоюына мүмкіндік беретін нормалар бар деген жаңсақ ақпарат таратылуда. Отбасылардан балаларды тартып алуға қатысты барлық ақпарат шындыққа сәйкес келмейді»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Яғни қаралып отырған заң жобаларында және Мәжілісте талқыланып жатқан басқа да заң жобаларында балаларды отбасылардан тартып алуға қатысты бірде-бір норма жоқ.

Комитеттің хабарлауынша мемлекет бірінше кезекте баланың туған отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етуге күш салады. Соынмен бірге балаларды тәрбиелеу мен қауіпсіздігін сақтау мәселелерінде ең алдымен ата-аналарға басымдық берілмек.

Десе де ведомство ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 82-бабының шеңберінде уәкілетті органдар (қорғаншылық және қамқоршылық органдары) баланың өміріне немесе денсаулығына тікелей қатер төнген кезде баланы балалар ұйымына, яғни балаларды қолдау орталығына уақытша жіберу туралы шаралар қолдануға құқылы екенін ескертеді.

«Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің міндеті – әр баланың барынша туған отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын жүзеге асыру. Естеріңізге сала кетейік, баланың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде оның құқықтарын қорғау қолданыстағы заңнамаға сәйкес және нақты қауіп туындаған кезде ғана жүзеге асырылады»,- делінген комитет хабарламасында.

Еске сала кетсек, Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жәнен балалардың құқын қорғауға қатысты заң жобасы қаралды. Заңда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаны қатайту және тараптардың татуласуына жол бермеу мәселесі қамтылған.

Өз кезегінде мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова да баланы отбасынан айыру туралы номаның заңда қарастырылмағанын айтқан болатын.

«Көбісі ата-анаға қатыс заң талаптары күшейе ме деп сұрап жатыр. Жоқ. Ата-аналарға қатысты заңды күшейту нормалары қарастырылмаған. Біз дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғауға, сақтауға, нығайтуға және ілгерілетуге арналған, сондай-ақ ұлттық және дәстүрлі обасылық құндылықтарды құрметтеу рухында балалардың адамгершілік және рухани тәрбиесін қамтамасыз етуге негізделген неке отбасы заңнамасының қағидаттарын бекітуді ұсынып отырмыз. Біздің ойымызша жаһандану кезеңінде бұл өте қажетті норма»,- деді депутат.

Ал 21 ақпанда Мәжіліс Мәжіліс депутаттары педофилия мен кәмелеттік жасқа толмағандарды өлтіру бойынша айыпталған қылмыскерлерді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы заң жобасын мақұлдады. Онда да Сүлейменова балаларды ата-анасынан тартып алу ьуралы нома жоқ екенін мәлімдеді:

«Біз қарастырып отырған екі заң жобасында балаларды отбасынан алып кету немесе ювеналды әділетке қатысты бірде-бір норма жоқ. Өйткені балалардың отбасында өскенін қалаймыз. Жалпы балалар үйі институттарының жойылғанын қалаймыз. Сондықтан балаларды отбасынан алып кету заң жобасымен қарастырылмайды», – деген болатын.