Lifestyle

ZEEKR 7Х премиум электркроссовері сатылымға шықты. Бағасы қанша

Фото: ZEEKR ресми дистрибьюторы

Orbis Auto автомобиль тобының құрылымына кіретін Қазақстандағы ZEEKR премиум-класты электромобильдердің ресми дистрибьюторы жаңа ZEEKR 7X электркроссоверінің сатылымының басталғаны туралы хабарлады. Жаңа көлік Standard, Long Range және Performance нұсқаларында 22 190 000 теңгеден басталатын бағамен қолжетімді.

«ZEEKR – бұл жүргізуші мен жолаушылардың жайлылығына бағынатын батыл дизайн, инженерлік дәлдік және цифрлық технологиялар қосындысы үйлесімін тапқан премиум электромобильділіктің жаңа стандарты. Біз Қазақстанда модельдік қатарды кеңейтуді және сервистің толық циклін дамытуды жалғастырудамыз. Біздің мақсатымыз – электр көлігіне көшуге дайын адамдар үшін ZEEKR-ді таңдау мүмкіндігін беру», – деп атап өтті Қазақстандағы ZEEKR дистрибьюция директоры Мухамед Джалилов.

Фото: ZEEKR ресми дистрибьюторы

Қазақстандық нарық үшін ZEEKR 7X үш нұсқада ұсынылған:

  • 75 кВт•сағ батареясы және WLTP циклі бойынша 480 км-ге дейінгі жүріс қоры бар Standard RWD;
  • 100 кВт•сағ ұлғайтылған батареясы және 615 км-ге дейінгі жүріс қоры бар Long Range RWD;
  • қуаты 630 а.к. қос моторлы толық жетегі, 3,8 секундта 0-ден 100 км/сағ-қа дейін үдеткіш және 543 км-ге дейінгі жүріс қоры бар Performance AWD.
Фото: ZEEKR ресми дистрибьюторы

Барлық нұсқалары зарядты 16 минут ішінде 10-дан 80%-ға дейін толтыруға мүмкіндік беретін 480 кВт-қа дейінгі жылдам DC зарядтауды қолдайды, сонымен қатар CCS2 порты арқылы 22 кВт-қа дейінгі үш фазалы AC зарядтауды қолдайды. 

Фото: ZEEKR ресми дистрибьюторы

ZEEKR 7X несімен ерекшеленеді

ZEEKR 7X интерьері премиум материалдардан жасалған және заманауи технологиялармен жабдықталған. Performance нұсқасынның салоны Nappa былғарысымен қапталған, орындықтар желдетумен және массаж функциясымен жабдықталған. Жүргізуші мен жолаушылар үшін 16 дюймдік орталық дисплей, 36 дюймдік AR-HUD, CarPlay және Android Auto қолдайтын мультимедиялық жүйе және 21 динамигі бар ZEEKR Pro акустикасы бар. Автокөлік брендтің сандық экожүйесіне біріктірілген, мұнда жергілікті мобильді қосымша функцияларға қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік береді, ал тұрақты OTA-жаңартулары мүмкіндіктерді кеңейтіп, пайдаланушы тәжірибесін жақсартады. 

 Жаңа ZEEKR 7X Қазақстанның бес қаласында — Алматы, Астана, Шымкент, Атырау және Орал қалаларында ресми дилерлік желіде қолжетімді.