Lifestyle

Қазақстандықтар ресейлік әнші Тиматидің концертіне қарсылық білдірді

Қазақстандықтар Тиматидің концертіне қарсылық білдірді / фото: 7dreams.ru, бильд-редактор: Дастан Шанай

Ресейлік рэпер Тиматидің Астанада және Алматыда өтетін концертіне қатысты әлеуметтік желілерде қызу талқылау басталды. Қазақстандықтар концерт жайлы жазбаларда жаппай ашулы пікір қалдырып, өнерпаздың елге келуіне қарсылық білдіріп жатыр.

Әсіресе, Threads әлеуметтік желісінде пікірталас өршіді. Бұған дейін дәл осы алаңда қолданушылар ресейлік әнші Полина Гагаринаның концертіне қарсы шыққан еді.

Желі қолданушылары Тиматидің соғысқа қолдау білдірген сөздерін, сондай-ақ 2015 жылы шыққан әніндегі «Менің ең жақын досым – президент Путин. Менің ақ әміршім!» деген жолдарын еске салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда белорус әншісі Макс Корждың да концерті өтпей қойған еді.