Lifestyle

Қазақстанда автонесиеге қатысты жаңа бағдарламалар пайда болады

Азаматтарға көлікті лизинг арқылы сатып алу мүмкіндігі беріледі / Коллаж: kursiv.media архиві

Қазақстанда жаңа автонесиелеу бағдарламалары іске қосылып, азаматтарға көлікті лизинг арқылы сатып алу мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, автонесиелеу ұсыныстары отандық автөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер тарапынан келуі тиіс.

«Халықтың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірқатар жедел шаралар қабылдануда. Өндірушілеріміздің автопаркін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта халықтың автокөлік алуын қаржыландыру бағдарламалары жалғастырылады. Сонымен қатар, жаңа құрал жеке тұлғаларға арналған қаржылық лизинг енгізілмек», – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспaев.

Ол лизингтің автокөлікті ұзақ мерзімге жалға алу құқығын беретінін, кейін оны сатып алу мүмкіндігі барын түсіндірді.

Қазақстанның Ұлттық банкінің дерегінше, 2024 жылы автонесиенің жалпы көлемі 2,8 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 53,8%-ға көп. Ал жеке тұлғалардың автонесие үлесі 13,7%-ға жетті. Дегенмен, несие беру көлемі өскен сайын проблемалық несиелер саны да көбейіп келеді.

Айта кетейік, Қазақстандағы зауыттар атотехника құрастыру өндірісінің көлемін ұлғайтты. Қыркүйек айында 13 мыңнан аса отандық техника шығарды, әсіресе жеңіл автокөліктің үлесі басым.