Lifestyle

Әлқожа мен Бесбаев «Реал Мадрид» ойыншыларына еліктеп видео түсірді

Бесбаев «Реал Мадрид» ойыншыларына еліктеп видео түсірді / фото: instagram

Танымал әншілер Әбдіжаппар Әлқожа мен Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желіде жаңа бейнеролик жариялап, жанкүйерін таңғалдырды. Әншілер «Реал Мадрид» ойыншыларының формасын киіп, әйгілі клуб футболшыларына ұқсап би биледі.

Бейнероликте қос өнерпаз ақ және ақ-қара түсті Real Madrid киімімен билеп, көрерменді өздерінің алдағы концертіне шақырған.

«Real-ный концерттен қапы қалмаңыздар!» – деп жазды олар.

Қос өнерпаздың алдағы концерт кестесі:

1 қараша – Тараз
2 қараша – Шымкент
3 қараша – Қызылорда
4 қараша – Түркістан
6 қараша – Алматы

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәдина Сәдуақасова «Реал Мадрид» жейдесін киіп, Қайратпен суретке түскен еді.