Жаңалықтар

Мажарлық MOL «Лукойлдың» Қазақстандағы активтерін сатып алғысы келеді

MOL Лукойл
Мажарлық MOL «Лукойлдың» Қазақстандағы активтерін сатып алғысы келеді / Фото: коллаж kursiv.media

Мажарстандық MOL компаниясы АҚШ өкілдеріне ресейлік «Лукойл» компаниясының, оның ішінде Қазақстандағы халықаралық активтерді сатып алуға қызығушылығы барын жеткізді, деп хабарлайды Reuters дереккөздеріне сілтеме жасап.

«Үш дереккөздің бірінің айтуынша, MOL мұнай-газ компаниясы еуропалық МӨЗ және «Лукойл» ЖМҚС желілерін, сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжандағы өндіруші активтердегі үлестерді сатып алғысы келеді», – делінген агенттіктің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айында АҚШ Украинадағы соғысты тоқтату үшін ресейлік «Лукойлға» қарсы санкциялар енгізіп, мүдделі компанияларға «Лукойлмен» оның шетелдік активтерін 13 желтоқсанға дейін сату туралы келіссөздер жүргізуге рұқсат берді.

Қазіргі уақытта БАҚ-тың хабарлауынша, «Лукойл» ExxonMobil және Chevron мұнай-газ алпауыттарымен, сондай-ақ, Таяу Шығыс инвесторларымен келіссөздер жүргізуде. Сондай-ақ, активтерді сатып алуға Рornhub-тың бұрынғы иесі австриялық кәсіпкер Бернд Бергмайр қызығушылық танытты.

Венада орналасқан «Лукойл» халықаралық бизнесіне Еуропадағы МӨЗ, Қазақстан, Өзбекстан, Ирак және Мексиканың мұнай кен орындарындағы үлестер, сондай-ақ, бүкіл әлем бойынша жүздеген жанармай құю станциялары кіреді.

Тағы бір дереккөздің айтуынша, Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан қараша айында кездескен кезде АҚШ президенті Дональд Трамппен MOL жоспарларын талқылаған. Сапар нәтижесінде Мажарстан американдық санкциялардан бір жылға кейінге қалдырылды. Бұл ресейлік мұнай мен газды пайдалануды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Будапешт Ресейдің энергетикалық ресурстарына қатты тәуелді және Орбан ұзақ уақыт бойы Мәскеумен де, Вашингтонмен де жақсы қарым-қатынаста болуға тырысады.

Батыс Қазақстан облысындағы Рожковское мұнай-газ конденсаты кен орнында өндіруді жүргізетін «Орал Ойл энд Газ» компаниясына мажарлық MOL компаниясына тиесілі.