Lifestyle

«Жігіттер» тобының жаңа образы елді таңқалдырды

Фото: instagram

Танымал «Жігіттер» тобы 1 наурыздан бастап жаңа концерттік сапарға шығатынын мәлімдеді. Осыған орай өнер ұжымы Instagram парақшасында жаңа образдағы фотосессиядан әсерлі кадрларды жариялады.

Желі қолданушылары топтың тың стилі мен бірегей келбетіне жоғары баға беріп, жылы лебіздерін жаудырды.

«Жігіттер тобын тыңдап өстік», «бұл образдарыңыз қай сандықтан шыққан?», «Керемет!», «Ешқашан бөлінбеңіздерші» деген сынды пікірлер көптеп жазылды.

Айта кетейік, «Жігіттер» тобы 2003 жылы құрылған. Топ құрамында Айдар Тұрғамбек, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Маханов бар. Бүгінде өнер ұжымының қоржынында 10-ға жуық бейнебаян және 80-ге жуық ән бар.

Бұған дейін, Айдар Тұрғамбектің әкесі баласының ұрлығы туралы айтқан еді.