
Астана мен Алматыда азаматтардың жеке деректерін заңсыз сатып келген қылмыстық топ құрықталды. ҰҚК жүргізген операция барысында күдіктілер деректер қорын коллекторлар мен микроқаржы ұйымдарына сатып отырғаны анықталды.
Азаматтардың жеке дерегі қалай сатылған?
Қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет желісінде сатып жүрген.
Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған.
Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыш, ірі көлемде ақша және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
«Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп жазылған ҰҚК хабарламасында.
Бұған дейін, Шымкентте жалпы ақша айналымы 557 млн теңгеден асатын онлайн-казиноның қылмыстық схемасы анықталғанын жазған едік.