Жаңалықтар

Полиция 14 жыл бұрын жасалған жасөспірім өлімінің тергеуін аяқтады

Полиция завела уголовное дело после гибели двух рабочих на "Казцинк"
Полиция 14 жыл бұрын жасалған жасөспірім өлімінің тергеуін аяқтады / Фото: Shutterstock

Қызылорда облысында полицейлер 14 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайғылы оқиға 2012 жылдың қазан айында Қармақшы ауданының Жосалы кентінде болған. Топтық төбелес кезінде кәмелетке толмаған бала пышақ жарақатын алған. Жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, оны құтқару мүмкін болмады. Ол есін жимастан қайтыс болды.

Оқиғадан кейін бірден жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, тексерілді. Алайда тікелей айғақтар мен куәгерлердің болмауына байланысты қылмыс көп жылдар бойы ашылмай келді.

«Биылғы жылы жедел-тергеу тобының қажырлы жұмысының арқасында маңызды куәгерді анықтауға және болған оқиғаның толық бейнесін қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде полицейлер күдіктінің ізіне түсті. Ол сол кездегі төбелеске қатысушылардың бірі болып шықты, ол қазірдің өзінде басқа ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күдікті Қызылорда қаласының тергеу изоляторына (СИЗО) этапирленді. Жиналған дәлелдемелердің қыспағымен ол жасаған ісін мойындады. Қылмыстың себебі жастар арасындағы өзара араздық пен жанжал болғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр, қылмыстық іс сотқа жолданды», – деді ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

ІІМ өткен жылдардағы қылмыстарды тергеу тұрақты негізде жалғасып жатқанын, ал кінәлілер ерте ме, кеш пе заң алдында жауап беретінін атап өтеді.