Жаңалықтар

Тоқаев пен Ердоған Alem.ai жасанды интеллект орталығына барды

Тоқаев пен Ердоған Alem.ai жасанды интеллект орталығына барды / Фото: Ақорда

Қазақстан мен Түркия президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды, деп хабарлады Ақорда.

Екі елдің көшбасшыларына орталықтың Қазақстанның негізгі технологиялық хабтарының бірі ретіндегі әлеуеті таныстырылды.

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев президенттерге музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрының мүмкіндіктерін көрсетті. Ол, сондай-ақ, Alem.ai дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы туралы айтып берді.

Бұдан бөлек, бару бағдарламасына Astana Smart City жобасының таныстырылымы кірді.

Айта кетейік, осыған дейін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан пен Түркия «Орта дәлізді» дамытуды жалғастыратынын атап өтті.

Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Түркияға «халал» стандартлы ет сатуға дайын екенін айтқан еді.