Биыл «Астана» халықаралық форумын өткізуге 4,5 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бұл форумды өткізуге бюджеттен қаржы қарастырылып қойған. Десе де Жұманғарин демеушілер қол ұшын береді деген үмітте. Оның айтуынша, мұндай форумдарды өткізу ел имиджін көтеру, шетелден инвестиция тарту үшін қажет. «Форумды өткізуге…