Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры наурыз айына жеке тұлғалардың теңгедегі депозиті бойынша шекті мөлшерлемені бекітті. Ақпан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда, кейбір депозиттердің мөлшерлемесі сәл азайған. Дегенмен мерзімі 24 айдан асатын, толықтыруға болмайтын депозиттердің мөлшерлемесі екі есе дерлік өсіп, 6,4%-дан 12,3%-ға жеткен. Өзге депозиттер бойынша мөлшерлеме аздап төмендеп, не бұрынғы деңгейінде қалған.…