Фото: kursiv.media
Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы мердігермен алдын ала сөз байласып, 250 млн теңгеден астам сомаға атқарылған жұмыс туралы жалған актілер жасағаны үшін 7 жылға сотталды. Бұл жайлы Жетісу облысының прокуратурасы хабарлады.
«Жетісу облысының прокурорлары Талдықорған қаласында 2 көпқабатты тұрғын үй салу кезінде бюджет қаражатын жымқырған кінәлі тұлғаларға қатысты әділ үкімге қол жеткізді. Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы мердігермен алдын ала сөз байласа отырып, 250 млн теңгеден астам сомаға атқарылған жұмыс туралы жалған актілерге қол қою арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны анықталды»,- делінген құжатта.
Қылмыстық тергеуді арнайы прокурорлар жүргізген. Нәтижесінде сот үкімімен...