Фото: kursiv.media
Ресей Сібірден Қырғызстанға қарай Қазақстан аумағы арқылы өтетін тұрақты тоқ желісін салуды ұсынды. Ресейдің энергетика министрі Николай Шульгинов мұндай қадамның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасындағы электр энергиясы айналымын арттыруға мүмкіндік беретінін айтады.
«Біз талқылай бастайтын тағы бір қызықты жоба бар. Тым құрыса, бұл жобаның жүзеге асуын ресейлік тарап өз мойнына алуға даяр. Мақсат – ұзыннан ұзақ желі тарту. Менің ойымша, бұл Қазақстан аумағы арқылы өтетін, Сібір мен Қырғызстан арасын жалғайтын тұрақты ток желісі болуы тиіс. Желі ЕАЭО елдері арасындағы қуат алмасуды ұлғайтуға, сондай-ақ электр энергиясын үздіксіз жеткізудегі қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді», – дед...