Ірі қазақстандық e-grocery компаниясы, Arbuz.kz онлайн-супермаркеті стратегиясын өзгертіп, жаппай сегментке көшетіні туралы жариялады. Енді қызмет тек премиум клиенттер үшін ғана емес, сонымен қатар қолайлы бағаға қызығатын тұтыншулар нарығы үшін бәсекелесуге ниетті. Бұл туралы Freedom Holding Corp-тегі Lifestyle-бағыттың басшысы Алексей Ли Freedom Lifestyle Talk пікірсайыс клубының кездесуінде айтты.
Алексей Лидің айтуынша, соңғы айларда Arbuz.kz бағаларды тек онлайн бәсекелестермен ғана емес, сонымен қатар, ең үлкен офлайн желілермен теңестірді:
«Негізгі супермаркеттерді бақылап отырып, базалық бағамыз дүкендегідей болды. Егер 25%-ға дейінгі кэшбекті ескерсек, біздің өнімдеріміз төрттен бірге арзан түседі», – деп атап өтті Ли.
Arbuz.kz жобасы қазақстандық е-grocery нарығында...