Солтүстік пен шығыста қар жауады. Ал Жамбыл облысы мен Таразда 30 м/с дейін қатты жел соғады деп болжанып отыр. «Қазгидромет» 17 сәуірге ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с., түнде ауа температурасы -6…-8°C, күндіз + 8…+10°C. Алматыда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 3-8, екпіні 15-20 м/с., түнде …+10°C, күндіз + 10…+12°C. Шымкентте бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с., түнде ауа температурасы +7…+ 9°C, күндіз + 13…+15°C. Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы +6…+8°C, күндіз + 14…+16°C. Ақтөбеде жауын-шашынсыз, жел 3-8, екпіні 13 м/с., түнде ауа температурасы 0…-2°C, күндіз + 12…+14°C. Атырауда...Жаңалықтар
Ғылым және жоғары білім министрлігі бағдарлама шарттарын бұзған «Болашақ» стипендиаттары үшін айыппұл көлемін арттыру туралы ұсынысты қарастырады. Бұл туралы ведомство басшысы Саясат Нұрбек депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.
18 наурызда мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов ереже бұзған стипендиаттарды мемлекет оларға жұмсаған қаржыдан көбірек ақша қайтаруға міндеттеуді ұсынды.
Министр бұған дейін айыппұл көлемі іс жүзінде жұмсалған шығын сомасының 25%-ын құрағанын еске салды. Алайда 2010 жылы ол 10%-ға дейін төмендетілген. Бұл шарт стипендиат пен Халықаралық бағдарламалар орталығы арасында жасалатын үлгілік келісімшарттарда бекітілген.
2013 жылдан бері бюджет кірісіне 14,5 млрд теңге қайтарылды, оның ішінде 2026 жылдың І тоқсанында (қаңтар-наурыз...
Ұлытау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты алаяқтық жасағаны және 31 млн теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
«Оның сенім білдірушіні адастырып, ұлына қатысты қылмыстық істі тоқтату мәселесін шешу үшін лауазымды тұлғаларға беремін деген желеумен ақшалай сыйақы беруге көндіргені анықталды», – делінген хабарламада.
Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған бес жыл бойы адвокаттық қызметпен айналысуға және заң кеңесшісі болып жұмыс істеуге тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін Жетісу облысында әйел адам мал жеткізуге қатысты алаяқтық жасағаны үшін сотталғаны туралы...
Өскеменде дүкеннің ашылуына орай тегін тамақ таратылып, жеңілдіктер жасалған. Бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы бес тәулікке қамауға алынды.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының хабарлауынша, 2026 жылғы 11 сәуірде азамат «Bashpai» дүкенінің ашылуына байланысты акция ұйымдастырған, оның барысында тауарлар жеңілдікпен сатылып, тегін тамақ таратылған.
«Осы іс-әрекеттердің салдарынан азаматтардың жаппай жиналуы орын алып, бұл кептеліске, шуға және тәртіпсіздікке әкеп соқты», – деп хабарлады соттан.
Сот ер адамды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.
Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген...
Қазақстанда 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ).
Таңбалаудың бірыңғай операторы жобасының жетекшісі Ерлан Қарабаев атап өткендей, шешім бейінді мемлекеттік органдар – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, сондай-ақ, Сауда және интеграция министрлігі жұмысының қорытындысы бойынша қабылданды.
«Қазақстан аумағында жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу туралы шешім қабылданды», – деді ол брифингте.
ОКҚ-да енгізу жұмыстары үш кезеңде өтетінін нақтылады:
2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап; 2027 жылғы 1 наурыздан бастап; 2027 жылғы 1 қазаннан бастап.Іске қосу алдында пилоттық жобалар мен қоғамды...
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған баланы өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу ісі бойынша үш адамды кінәлі деп таныды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Өткен жылдың сәуір айында Тастөбе ауылында жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Осыдан кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 3-бөлігі «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу мәліметтері бойынша, іске ауылдың 22 жастағы тұрғыны және 10-11 сыныптың екі оқушысы қатысты болған. Тергеу барысында 7-11 сынып оқушылары арасында «бейресми көшбасшылар» бары, сондай-ақ, криминалдық субмәдениетті романтизациялау және жасөспірімдердің бір бөлігі қалыпты жағдай ретінде қабылдаған «ұғымдармен» жүру белгілері анықталды.
«Қайғылы...
Алматыда 17 сәуірде «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінің аумағында жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлады Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.
Оқу-жаттығу шаралары сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін Қаппаров көшесі, 167 мекенжайы бойынша өтеді. Жаттығу барысында адамдар көп жиналатын нысандардағы әртүрлі сценарийлер кезіндегі жедел қызметтердің іс-қимылдарын пысықтау жоспарланған.
Қала тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, сондай-ақ, ресми ақпарат көздеріне сүйенуді және сенімсіз мәліметтерді таратпауды сұрайды.
Хабарламада, сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін тұлғалардың заңды талаптарына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді.
Шымкент әкімдігіне тиесілі «Тұрғын үй Шымкент» компаниясы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 180 мың теңге таза пайда алды, деп компанияның қаржылық есептілігінде жазылған.
«Есепті (2025 – Курсив) жыл ішіндегі салық салынғанға дейінгі пайда 600 мың теңгені құрады. Жыл ішіндегі жиынтық таза пайда 180 мың теңге болды», – делінген қаржылық есептің түсіндірме жазбасында.
Компанияның 2025 жылғы жиынтық түсімі 2,85 млрд теңгені құрады. 2025 жылдың соңындағы ақшалай қаражат пен олардың баламаларының қалдығы 1,5 млрд теңге болды.
ҚР Ұлттық банкінің 16 сәуірдегі ресми бағамы долларына 474,08 теңгені құрайды. Компания басқару органдарымен және пәтерлер мен тұрғын емес жайларды...
17 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорда.
Сапардың негізгі мақсаты
Президент сапар аясында халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шара — Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады. Сонымен қатар, Қазақстан президенті форумның панелдік сессиясында сөз сөйлеп, өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша ел позициясын таныстырады деп күтілуде.
Бағдарламада не бар?
Жұмыс сапары тек форуммен шектелмейді. Мемлекет басшысының қатысуымен бірқатар маңызды кездесулер жоспарланған:
Түркия басшылығымен екіжақты келіссөздер; Форумға қатысушы өзге елдердің көшбасшыларымен кездесулер; Халықаралық ұйымдардың өкілдерімен пікірталастар.Анталия дипломатиялық форумы – жыл сайын өткізілетін жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы. Мұнда саяси көшбасшылар...
Қарағанды облысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адам ұсталды. Ол 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, күдікті қала тұрғынын қорқытып, күш қолданып 117 млн теңге бопсалады деп айыпталған.
Күдікті ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, жасырынып жүрген. Ол Қарағанды қаласының аумағында, жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде арнайы жабдықталған жасырын жерден ұсталды, – деді полиция.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін 10 сәуірде «Транстелеком» компаниясын миллиардтаған шығынға батырған күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланғанын жазған едік.
Төрт микроқаржы ұйымы салықтан жалтару үшін өз жұмыстарында «кепілдік» деп аталатын шарттарды пайдаланған. Нәтижесінде жалпы айналым 55,9 млрд теңгені құрап, ал төленбеген қосылған құн салығының сомасы 6,1 млрд теңгеге жетті.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, тексеру қорытындысын сот органдары растаған.
Сонымен қатар шамамен 26 млрд теңге сомасындағы операциялар (сақтандыру агенттік қызметі шеңберінде) салықтан босатылған деп көрсетілген. Қазір тексеріс жүріп жатыр.
Микроқаржы ұйымдары салықтан тек қарыз беруге байланысты операциялар бойынша босатылады. Басқа қосымша қызметтерден салық төлеуге тиіс.
Айта кетейік, елдегі блогерлерге қатысты салық тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. 600-ден аса блогер 1 млрд теңге салық төлеген.
Енді салық қызметі электронды сауда алаңдарын бақылауды күшейтеді. Ел аумағында жұмыс істейтін маркетплейстер арнайы ведомствоға қазақстандықтардың тапсырысы жайлы ақпарат беріп, оны азаматтардың декларациясымен салыстырады.
Жаңа Салық кодексіне байланысты, онлайн сауда платформаларының иесі әр айдың бесіне дейін мемлекеттік кірістер комитетіне сатылған тауар, көрсетілген қызмет, қазақстандық сатушылардың төлемдері жайлы деректерді тапсыруы керек.
Бүгінге дейін 23 маркетплейс салық органдарына бұл ақпаратты жіберіп үлгерген. Ол жерде сатушылар, сатылған тауарлар, төлемдері туралы барлық ақпарат бар. Қазақстандықтар салық есебін тапсырғаннан кейін, салықшылар камералды бақылау жүргізіп, маркетплейстегі ақпаратты декларациясымен салыстырады.
Егер екі жақтан айырмашылық болса, онда азаматқа қателікті жою туралы ескерту келеді. Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндіруінше...
Сарапшылар мұнай бағасы мен экспорт әлеуетіне қатысты болжамын жақсартқан. 2026 жылы теңге бағамы тұрақталып, экономикалық өсім 5%-ға жетеді деген сенім бар. Дегенмен инфляциялық қысым мен базалық мөлшерлеменің төмендеу қарқыны туралы сарапшылардың пікірі әралуан.
Ұлттық Банк еліміздің жетекші 14 сараптамалық орталығы мен қаржы институттары арасында кезекті макроэкономикалық сауалнама жүргізді.
Зерттеуге AERC, Halyk Finance, Еуразиялық даму банкі және Фридом Финанс сияқты беделді ұйымдардың мамандары қатысып, алдағы үш жылға арналған негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша өз пайымдарын ортаға салды.
Мұнай бағасы қымбаттайды
Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, сарапшылардың мұнай бағасына қатысты болжам айтарлықтай жақсарған. Мәселен, Brent маркалы мұнайдың 2026 жылға арналған...
Семей қаласында үшінші жылу электр орталығының құрылысы басталды. Энергетикалық нысан жергілікті Қаражыра кен орнында өндірілген көмірді жағады.
16 сәуірде «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов пен Абай облысының әкімі Берік Уәли үшінші жылу электр орталығының (ЖЭО-3) құрылыс алаңын тексерді. Нысан шаһардың сол жағалауындағы Степной кентінде орналасқан.
2025 жылғы қазанда Энергетика министрлігі мен «Семей Энерго» компаниясы келісімшартқа отырды. Жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Құжатқа сәйкес, энергетикалық нысан 405 МВт электр қуатын, 1000 Гкал/сағ жылу қуатын өндіре алады.
Орталық «Қаражыра» кен орнында өндірілген көмірді жағады. Станцияда төрт бу қазандығы мен үш турбогенератор болады. Нысанның жалпы аумағы – шамамен 190 гектар. Әкімдік...
Шығыс Қазақстанда кәсіпкет қарақұмық жармасы, қант пен тұзға сауда үстемесін негізсіз қосып, оларды өзіне қарасты компанияға қайта сатқан. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Өңірдегі жеке кәсіпкерлердің бірі жасанды делдалдықпен айналысқан. Кәсіпкер халық көп тұтынатын тауарларды (қарақұмық жармасы, қант, тұз) жеңілдікпен сатып алып, өзіне қарасты компанияға қайта сатқан. Қарақұмық жармасына 127% сауда үстемесін қосқан.
Өнім бағасы 241 теңге болса, тауар 550 теңгеден сатылған. Ал қантқа қосылған сауда үстемесі 45%-ға жеткен. Ас тұзына қосқан бағасы 41%-ға жеткен. Осының нәтижесінде халық үшін маңызды тауарлар бағасы негізсіз өскен.
Заңнамаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесі 15%-дан аспауға тиіс. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік...
Алматыда жексенбі, 19 сәуір күні, тоғызыншы мәрте дәстүрлі Almaty Half Marathon жартылай марафоны өтеді. Биыл жарысқа әлемнің 44 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Ауқымды шараға байланысты қаланың бірнеше орталық көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі.
Жолдардың жабылу кестесі
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, шектеулер таңғы сағат 07:00-де Тұңғыш Президент саябағынан басталатын жүгіру бағытына сәйкес кезең-кезеңімен енгізіледі.
Негізгі шектеулер:
Әл-Фараби даңғылы (солтүстік беті): Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі учаске түнгі сағат 00:00-ден күндізгі 12:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік беті ашық қалады. Әл-Фараби даңғылы (солтүстік беті): Розыбакиевтен Назарбаев даңғылына дейін сағат 06:45-тен 09:45-ке дейін жабылады. Сейфуллин даңғылы: Әл-Фарабиден Абай даңғылына дейін сағат 07:10-нан...Мемлекет шенеуніктер мен олардың туыстарының цифрлық әмияндарына тексерісті күшейтеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі қаулысымен цифрлық активтерді шығарушылар (эмитенттер) үшін ішкі бақылау жаңа талаптары бекітілді.
Бұл ережелер 2026 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі. Жаңа талапқа сәйкес, жария лауазымды тұлғалар (шенеуніктер), олардың жұбайлары мен жақын туыстары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру тұрғысынан тәуекелі жоғары клиенттер санатына жатқызылды.
Бұл іс жүзінде аталған тұлғалар мен отбасы мүшелері үшін цифрлық қаржы құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі құпия шектелетінін білдіреді.
Шенеуніктерден басқа кім бар?
Бекітілген құжатқа сәйкес, бақылау...
Алматы облысы, Қарасай ауданында қоқысты сұрыптап, қайта өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Нысан жылына 450 мың тонна қалдықты сұрыптап, 14 мың тонна шикізатты өңдеп шығара алады деп хабарлады облыстық әкімдік.
«ONDEU» деп аталатын зауыт Әйтей ауылында салынады. Бұл округ таңдалуы бекер емес. Дәл осы елдімекен маңындағы полигонда 40 жыл бойы қоқыс жиналған.
«Қалдық көлемі күннен күнге артып барады. Ал оны жай ғана жинап қою – мәселені шешу емес, оны уақытша шегеру ғана. Сондықтан бізге қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жаратуға мүмкіндік беретін жүйелі шешім қажет», – деді облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев зауыттың ашылуындағы уақыт капсуласын...
Балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-аналар 20 АЕК, яғни, 86 500 теңге көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін. Сонымен қатар 10 тәулікке дейін қамаққа алынады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Соңғы үш айдың ішінде 8 мыңнан астам ата-ана мен заңды өкіл жауапкершілікке тартылған.
Масаханадан келетін қауіп
Терезелерге қауіпсіздік үшін масаға қарсы торды бекіту балаға үлкен қауіп тудырады. Мұндай тор баланың салмағына есептелмеген және оны ұстап тұра алмайды.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға сәйкес құрылыс компаниялары жаңа тұрғын үйлерде терезеге құлып орнатуға міндетті.
Бас прокуратура ата-аналарды қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Атап айтқанда:
Оңтүстік Корея 2026 жылдың бірінші тоқсанында шетелдік туристер саны бойынша тарихи рекордты жаңартты. Бұған наурыз айында Сеулдің қақ ортасында өткен әйгілі BTS тобының концерттік кеші себеп болды.
Бірінші тоқсанның қорытындысы
Оңтүстік Кореяның Мәдениет, спорт және туризм министрлігінің алдын ала деректеріне сүйенсек: қаңтар-наурыз аралығында 4,76 млн шетелдік турист келген. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға көп және ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Туристердің көбі Қытайдан келген – шамамен 1,45 млн адам (өсім 29%). Саяхатшылардың шетелдік карталармен төлеген шығыны 3,21 трлн вонды (шамамен 2,18 млрд АҚШ доллары) құрады.
«Корей мәдениетінің (K-culture) әлемдік танымалдылығы елдің жетекші туристік...
ERG компаниясының 2025 жылғы жалпы түсімі 6,2 млрд долларды құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5%-ға аз. Дегенмен компания негізгі қызметінің тиімділігін көрсететін EBITDA көрсеткіші 2,1 млрд долларға дейін өсті. Reuters-тің мәліметінше бұл көрсеткіш соңғы үш жыл қатарынан тұрақты өсім көрсетіп келеді.
Таза пайда мен рентабельділік деңгейі
Халықаралық стандарттар бойынша компанияның таза пайдасы 0,22 млрд доллар болды. Ал есептегі техникалық түзетулерді есепке алмағандағы нақты (түзетілген) таза пайда 64%-ға артып, 0,45 млрд долларға жетті.
Компанияның жалпы тиімділігі, яғни рентабельділігі 34%-ды құрап, былтырғы 29 пайыздық көрсеткіштен айтарлықтай асып түсті.
2024 жылғы шығынның себебі
Компания өкілдері 2024 жылы тіркелген...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айтты.
«Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын киелі сахнаға арнаған театр тарланы, өнегелі өнер иесі еді. Ұлт руханиятын ұлықтап, отандық драматургияның дамуына зор үлес қосты. Жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, мәдениет көкжиегін кеңейтуге бар күш-жігерін жұмсады», – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, 2026 жылдың 16 сәуірінде көрнекті өнер қайраткері, режиссер-сценарист, І дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Есмұхан Обаев дүниеден өтті.
«ҚазТрансОйл» компаниясы 2025 жылы тапқан 56,6 млрд теңге таза пайдасының 45,4 млрд теңгесін дивиденд ретінде төлемек. Компания директорлар кеңесінің ұсынысы қор биржасында жолданған хабарламада жазылған.
Ал таза пайданың қалған 11,2 млрд теңгесі бөліске салынбай, компанияның өзінде қалып, өндірістік қажеттілік пен даму жобаларын жұмсалмақ.
Компания былтыр таза пайдасын арттырып, 2024 жылғы 39,8 млрд теңгеден 56,6 млрд теңгеге жеткізген еді.
Компанияның әр акция үшін төленетін дивиденд 118 теңгені құрайды. Енді бұл ұсыныс акционерлердің жалпы жиналысына шығарып, ресми түрде бекітілуі керек.
Айта кетейік, ҚазТрансОйл компаниясының 90%-ы ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясына тиесілі. Қалған 10%-ы жеке инвесторлар мен халықтың қолында.
Жалпы, ҚТО...
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) сарапшыларының талдауына сәйкес, жыл басынан бері экономикадағы нақты мөлшерлеме 5,7%-дан 7%-ға дейін көтерілген. Бұл – соңғы бір жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Нақты мөлшерлеме – бұл инфляцияны алып тастағандағы таза табыс. Бұл көрсеткіш ақша құны баға өсімінен қаншалықты озып тұрғанын көрсетеді. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, теңгемен жинақ сақтау соғұрлым тиімді. Бірақ несие алу халық пен бизнес үшін қымбатқа түседі.
Инфляция қарқыны баяулады
Нақты мөлшерлеменің өсуіне, ең алдымен, елдегі инфляция қарқынының баяулауы себеп болды. Мұндай жағдай ақша-несие талаптарының қатаңдауына әкеліп, теңгемен сақталатын активтердің тиімділігін арттырды. Нәтижесінде қаржы жүйесіне өтімділік ағыны күшейе түсті.
Сарапшыларды...