Almaty Museum of Arts (ALMA) заманауи өнер музейінде өткен алғашқы «Музейлер түні» мәдени шарасы аншлагпен өтті. Бар-жоғы 6 сағаттың ішінде музей табалдырығын 6314 адам аттаған. Kursiv LifeStyle бұл шараның неліктен демалыс күндері ең көп талқыланған мәдени оқиғаға айналғанын баяндайды.
Музей алдындағы ұзын-сонар кезек пен келушілердің әлеуметтік желідегі бөліскен видео-суреттерінен-ақ шараның қалай өткенін байқауға болады. Мәдени кеш 16 мамыр күні сағат 18:00-ден түн жарымына дейін жалғасты. Кіру барлық қонақтар үшін тегін болды.
Музей әкімшілігі келушілердің өнерге деген ерекше ықыласына алғыс ретінде әрбір қонаққа басқа уақытта келе алатын арнайы билет сыйлады. Бұл билет арқылы 2026 жылдың соңына дейін музейге тағы бір рет...