Түркияда есірткіге қатысты жүргізіліп жатқан тергеу операциясы аясында танымал тұлғаларға қатысты іс қозғалды.
Haberler ақпаратына қарағанда, оның ішінде танымал түрік телехикаяларында ойнаған актриса Ханде Эрчел де бар. Оны ұстау туралы шешім шығарылған. Ханде Эрчел бұған қатысты мәлімдеме жасады. Ол оқуына байланысты шетелде жүргенін, жауап беру үшін Түркияға оралатынын жеткізді.
«Мен өз елімді сүйетін, мемлекетіме және түрік сот жүйесіне сенетін адаммын. Бұл жағдайдың жақын арада анықталатынына сенемін», – деді Ханде Эрчел.
Ыстанбұл прокуратурасы жүргізіп жатқан есірткі ісі бойынша танымал тұлғаларға қатысты тергеу барысында қаланың есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Бешикташтың» бұрынғы президенті Фикрет Орман мен...