Құрылтайдың «Ақ жол» фракциясының депутаттары елде қарызды пайызға заңсыз беретіндердің тым көбейіп кеткенін айтып, дабыл қақты. Құрылтай депутаты Юрий Ли осы мәселені көтеріп, депутаттық сауал жолдады.
Рұқсатнамасы мен лицензиясы жоқ мұндай ұйымдар халыққа шарықтаған пайызбен ақша беріп, заңда белгіленген шектен бірнеше есе асып түсетін айыппұлдар салады.
Ли депутаттық сауалында мысалға «Alem Credit» онлайн-платформасын келтіреді. Бұл ұйым микроқаржылық қызмет көрсетуге еш лицензиясы болмаса да, ондаған сайт арқылы тұрғындарға заңсыз несие үлестіріп келген.
Тіпті 50 мың теңге несие мақұлдап, борышкерге 32 мың теңге ғана аударып, кейін 752 мың теңге қайтаруды талап еткен жайт тіркелген. Бұл алынған сомадан шамамен...