Алматыда Қазақстан мен Францияның мәдени ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған жаңа жобалар таныстырылды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, оның ішінде Алтын орда туралы тарихи кітап бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты дамытуға арналған бірқатар іс-шара өткен. Кітапханада көпшілік үшін Франция кітап бұрышы ашылды. Мұнда елдің тарихы мен мәдениеті туралы басылымдар, француз классиктері мен қазіргі авторлардың шығармалары, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылған әдебиеттер қойылған. Жаңа кітап бұрышы оқырманның француз әдебиеті мен мәдениетін жақынырақ білуге мүмкіндік береді.
«Іс-шара аясында француз тарихшысы әрі зерттеушісі Мари Фавероның «Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті» кітабыны...