Бір тәулік ішінде Қостанай облысының Денисов ауданында бірнеше өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
ТЖМ ақпараты бойынша, 8 қыркүйекте Гришенка және Қараоба ауылдарының маңында құрғақ шөп өртенген.
«Өртті сөндіруге 70-тен астам адам мен 15 бірлік техника, сондай-ақ ТЖМ-нің ұшқышсыз ұшу аппараты, жергілікті атқарушы органдардың, «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымдарының күштері және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды», – делінген хабарламада.
Антоновка ауылында құрғақ шөп өртеніп, өрт үш жеке тұрғын үй ауласындағы шаруашылық құрылыстарға және екі тұрғын үйдің шатыр астындағы үй-жайларына ішінара тарады. Өрт 200 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап...