Алматы әкімдігі Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағындағы жер телімдерін жалға беру мерзімін ұзартудан бас тартты.
Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұған «ТФК «Алтын-Тараз» ЖШС тарапынан саябақты көріктендіру мен инфрақұрылымды дамытуға қажетті инвестиция салынбауы түрткі болған.
Жалға алушы әкімдік шешіміне сот арқылы шағымдануға әрекеттенгенімен, сот талап арызды қанағаттандырмады.
Осылайша саябақ аумағындағы жалпы көлемі 5 гектардан тұратын 94 жер телімі мемлекет қарамағына өтеді.
«Жалға алу қатынастарын тоқтатуға саябақ аумағының ұзақ уақыт бойы тиісті деңгейде күтіп ұсталмауы негізгі себептердің бірі болды. Қазіргі таңда инфрақұрылым мен аттракциондардың едәуір бөлігі ескірген. Қаланың басты демалыс орындарының бірінің жағдайына...