2025жылы Астананың ортасында апатқа түскен автобусқа иелік ететін автопарктің топ-менеджері ауысты. 2026 жылғы 8 сәуірде өткен отырыста «№1 Автобус паркі» акционерлік қоғамының Жалғыз акционері осындай шешім шығарған. Автобус паркі Астана қаласының әкімдігіне тиесілі.
Соған сәйкес, Директорлар кеңесінің мүшесі Айбек Исаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, ол кеңес құрамынан шығарылды.
Сонымен қатар босаған орынға «№1 Автобус паркі» АҚ Басқарма төрағасы болып Сағынов Замир сайланып, Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі ретінде бекітілді.
2025 жылы 2 маусымда Астана қаласындағы Республика даңғылында жолаушы автобусы ақпараттық тақта тіреуіне соғылған. Жол апатынан 15 адам зардап шеккен. Үш жолаушы ауруханаға түскен. Дәрігерлер Алуа Бекеннің екі аяғын кесуге мәжбүр болған...