Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннен «қазақстандықтар қашан тамаққа көп ақша жұмсауды тоқтатады» деп сұрады. Әмрин жағдайды шетелдік мысалдарды айта отырып түсіндіріп берді.
Оның айтуынша, бізде тұтыну себеті негізінен 508 тауар түрінен тұрады. Оның ішінде шамамен 40 пайызы – азық-түлік, қалғаны – қызмет көрсету түрлері мен азық-түлік емес тауарлар
Дамыған елдерде халықтың сырттан тамақтануы «қызмет көрсетуге» жататындықтан, статистикада азық-түлік шығыны аз болып көрінеді.
«Бұл жағдай көбіне біздің өмір салтымызға байланысты. Біз негізінен үйде тамақ дайындап жегенді жақсы көреміз, сондықтан дүкеннен өнімдерді өзіміз сатып аламыз.
Ал шетелде адамдар көбіне мейрамханалар мен дәмханаларда тамақтанады, таңғы асты да сырттан...