Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданында инфекция тарап, тұрғындары 14 мыңға жуық құсынан айырылды. Әзірге мамандар аурудың нақты себебін таба алмай отыр деп хабарлайды Kursiv Media 7-арнаға сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғын Нина Пискунова қаздарды қарызға сатып алғанын айтады. Екі ай бойы ешқандай мәселе болмаған, ал қазір кенеттен құстар бірінен соң бірі қырыла бастаған.
«Бұл қаздардың 300 данасын кішкентай кезінде алдық. Өлім болған жоқ, екі айға дейін бәрі жақсы еді. Өздерін қарызға алдық. Енді ол ақшаны қайтару керек, ал қайтаратын ештеңе қалмайын деп тұр. Өйткені оларды өсіре алмаймыз, бәрі қырылып бітетін түрі бар», – дейді Н. Пискунова.