Қытайдың Geely Galaxy компаниясы өзінің алғашқы рамалы жол талғамайтын көлігі – Zhanjian 700 (Cruiser 700) моделіне алдын ала тапсырыс қабылдауды бастады. Бұл туралы Kursiv.media CarNewsChina-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа модель алты нұсқада ұсынылады. Бағасы 200 мыңнан 390 мың юаньға дейін (шамамен 13,3–26 млн теңге). Land Ark деп аталатын шектеулі серияның 700 данасы сатылым басталмай жатып өтіп кеткен.
9 минутта 10 мың тапсырыс
Жаңа көлікке сұраныс алғашқы минуттардан-ақ жоғары болды. Алдын ала тапсырыс ашылғаннан кейін небәрі 9 минутта 10 мың тапсырыс түскен. Бір сағаттан кейін бұл көрсеткіш 43,9 мыңға жетті.
Cruiser 700 көлігі Oriental Lion деп аталатын фирмалық дизайнмен жасалған...