Ұлттық қордың активтерін толықтырудың екі негізгі көзі бар. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Вице-министрден БАҚ өкілі Ұлттық қордың таза валюталық активтерін 2029 жылға қарай 70,6 млрд долларға жеткізу үшін қаражат қандай көздерден түсетінін сұрады.
Азамат Әмриннің айтуынша, Ұлттық қорды толықтырудың алғашқы көзі шикізат секторынан түсетін салықтар. Атап айтқанда, мұнай секторынан түсетін түсімдердің барлығы Ұлттық қорға бағытталады.
Екінші көз – Ұлттық қор активтерін басқарудан түсетін инвестициялық кіріс.
«Біріншісі – шикізат секторының салықтары, яғни мұнай секторынан түсетін қаражаттың барлығы Ұлттық қорға түседі. Екіншісі – Ұлттық банкт...