Инватакси қызметін азаматтың тіркелген жеріне қарамастан пайдалану мүмкіндігін беру керек. Неге адам басқа қалаға барғанда бұл қызметті пайдалана алмай қалады? Бастаманы Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов көтерді, деп жазады Kursiv.Media.
Ол қазіргі уақытта арнайы көлікке деген құқық іс жүзінде адамның тұрақты тіркелген жеріне байланғанын атап өтті. Адам өз қаласында инватаксимен емханаға, оңалту орталығына барып жүр. Бірақ емделу үшін Астанаға немесе облыс орталығына барса, қиындыққа тап болады.
«Басқа қалада оны пайдалану мәселесін қайта шешуге тура келеді. Арнайы жабдықталған көлікке мұқтаж адамға кәдімгі такси жарай бермейді. Сонда емделуге жолдама бар, ал вокзалдан ауруханаға қалай жететіні белгісіз...