Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттардың қабырғасына граффити салатын адамдарға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің қалаларында бұған жол бермеу керек, сондай-ақ әлемде вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатын, қоғамдық орындарды бүлдіретін «шығармашылықтың» мұндай түріне толық тыйым салатын заңдық-нормативтік шаралар қабылдаған жөн.
Президент елде ондаған мың шақырым автокөлік жолы мен теміржол салынып жатқанына тоқталды.
«Бұл жұмыс тоқтамайды, Қазақстан үлкен құрылыс алаңы, басқа сөзбен айтсақ, жасампаздық мекені болуы керек. Құрылыстың сапасы өте жоғары болуы қажет. Мен өз басым осы мәселеге баса назар аударып, бұл жұмысты қатаң бақылауда ұстаймын...