Алматыда бес жастағы бала жеке клиникада сүндетке отырғызылғаннан кейін жағдайы ауырлап, ауруханаға түсті. Отбасының айтуынша, баланың тіндері некрозға ұшырап, қазір оның денсаулығында күрделі мәселелер туындаған, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Баланың әкесі операция тез әрі маскалық наркозбен өтуі тиіс болғанын айтты. Мұндай нұсқа баланың ерекшеліктеріне байланысты таңдалған – оның аутизмі бар, сондықтан көктамыр ішіне жасалатын инъекцияларды ауыр көтереді.
Оның айтуынша, алаңдатарлық белгілер процедурадан кейін бірден пайда болған.
«Наркоз оған зиян, оған газ керек еді. Бір сағаттан кейін-ақ шығады, ұйқышыл болды. Екі венасында ине іздері пайда болған. Дәрігер – Туғанбаев Жәнібек, хирург осында болды. Ол мазасыз күйде...