Депутат Жанарбек Әшімжанов премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа Алатау тұрғындарының алаңдаушылығын жеткізді деп хабарлайды Kursiv.media.
Сауалға «Әділет» Фракциясының мүшелері Снежанна Имашева, Бота Елеусізова, Нұрбақыт Теңізбаев, Мадияр Әмірғалиев те қол қойған.
Smart City-де инфрақұрылым мәселесі бар
Депутаттардың пікірінше, қала құрамына енген елді мекендердің халқы базалық инфрақұрылым мәселесімен әлі бетпе-бет келіп тұр.
«Цифрлық трансформацияның толық нәтижесі туралы айту да қиындау. Сондықтан Алатаудың дамуын жаңа технологиялық нысандармен ғана емес, халықтың күнделікті өміріндегі нақты өзгерістермен ұштастыру маңызды», – делінген депутаттың сауалында.
Жанарбек Әшімжанның айтуынша, Еңбек және Жетіген елдімекенінде соңғы жылдары бірқатар түйінді мәселенің шешімін тапқанымен, әлі де...