Ташкентте халықаралық қаржы орталығы құрылады. Бұл жайлы Өзбекстанның Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігінде Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс тобының отырысында айтылды.
Сарапшылардың пікірінше, Өзбекстан Республикасында осындай деңгейдегі қаржы орталығын құру үшін ұлттық экономика мен капитал нарығын дамыту үшін қажетті әлеует бар. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша Өзбекстан 2021-2026 жылдары номиналды ЖІӨ динамикасы бойынша алғашқы 10 елдің қатарына кіреді.
Шетелдік қаржы инвесторлары да Өзбекстанды инвестицияға қолайлы аумақ ретінде қарастырады. Республиканың жарғылық капиталының 2,5 пайызы шетелдік инвесторларға тиесілі. Өзбекстан қазірдің өзінде банктердің қаржылық кластерін, бағалы қағаздар нарығы ұйымдарын және қаржылық инфрақұрылымды қалыптастырды.
Кездесуде Ташкент халықаралы...