Фото: Ақорда
Бүгінде 2,5 мың сарбаздың несиесі кейінге шегерілді және әскери қызметін өтеген 1,5 мың жауынгерге жоғары оқу орындарында оқуға орын бөлінді. Бұл жайлы президенттің қабылдауында болған Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов айтты.
Министр мемлекет басшысына қорғаныс ведомствосының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде баяндама жасады.
«Бүгінде 2,5 мың сарбаздың несиесі кейінге шегерілді және әскери қызметін өтеген 1,5 мың жауынгерге жоғары оқу орындарында оқуға орын бөлінді. Жыл басынан бері мерзімді әскери қызметін өтеп, запасқа шығарылған 700-ге жуық сарбаз жүргізуші, механик, машинист, слесарь, аспаз және басқа да еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алды...