Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексерістен кейін ветеринариялық, фитосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты 28 лауазымды тұлға түрлі деңгейдегі тәртіптік жауапқа тартылды.
Палата биыл тамыз айында осы салада аудит жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықтар мен қаржылық кемшіліктерді анықтаған. Нәтижесінде бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген қызметкерлердің жауапкершілігін қарау тапсырылды.
Тәртіптік шаралар Ауыл шаруашылығы министрлігінің, сондай-ақ оған қарасты ұйымдар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметкерлеріне қатысты қолданылған.
Атап айтқанда,
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, бірнеше басқарма басшылары; Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төраға орынбасары, басқарма басшылары және «Республикалық ветеринариялық зертхана» мекемесінің басшы орынбасары; Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төраға...