Қазақстандағы интернет-сауда нарығында кімнің үлесі басым? Forbes Kazakhstan жариялаған деректер негізінде Kursiv Media елдегі ең ірі 50 интернет-платформаның көрсеткішін бір инфографикаға жинады. Рейтингте Kaspi Магазин өзгелерден айтарлықтай алда – оның 2025 жылғы онлайн-түсімі 4,74 млрд долларға жеткен.
Kaspi Магазин айқын алда
Рейтингтің алғашқы екі орнын Kaspi экожүйесіндегі сервистер иеленді. Kaspi Магазиннің онлайн-түсімі – 4,74 млрд доллар, ал екінші орындағы Kaspi Travel-да бұл көрсеткіш 1,03 млрд доллар болған. Яғни бірінші және екінші орын арасындағы айырмашылық төрт еседен асады.
Үшінші орында Wildberries тұр. Оның Қазақстандағы онлайн-түсімі 601,7 млн долларға бағаланған. Ал алғашқы бестікті Freedom Travel – 292 млн доллар...