Қазақстанда ірі бизнестің тізгінін біртіндеп кәсіпкерлердің балалары ұстай бастады. Олар әлеуметтік желі жүргізбейді, жиі сұхбат бермейді, миллиондаған оқырмандары да жоқ. Бірақ соған қарамастан ірі бизнестің иесі атанып үлгерген. Бірі ата-анасы құрған компанияларды басқарса, енді бірі отбасылық капиталға сүйеніп, өз жобаларын дамытып жүр. Kursiv.Media елдегі ықпалды кәсіпкерлердің бизнесін жалғастырып жүрген кей мұрагерлер туралы материалды ұсынады.
Шухрат Ибрагимов
Қазақстандағы ең ықпалды бизнес-әулеттің бірі – Ибрагимовтар әулеті. Әулеттің әкесі Әлижан Ибрагимов – ірі қазақстандық кәсіпкер, ERG негізін қалаушының бірі. 2021 жылы 68 жасында қайтыс болған Ибрагимовтың артында жесірі Мұқадасхан Ибрагимов пен төрт ұлы қалды: Дастан, Даврон, Шухрат және Фурхат...