Алматыдағы «Байсат» базарының жаңа иесі белгілі болды. Ол – Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының Қазақстандағы активтерін басқаратын Кудрәт Шамиев, деп хабарлайды Kursiv.Media Telegram арнаға сілтеме жасап.
Сонымен қатар Шамиев Todini Costruzioni Generali SpA компаниясының директорлар кеңесінің құрамына кіріп, Integra Construction KZ пен Kazakh Construction Group компанияларының бақылау кеңестерін басқарады.
Байсат базарының сатылу тарихы
Байсат базары аукционға алты мәрте шығарылып, өтпей қалған. Кейін, 7 тамызда бағасын түсіргеннен кейін сатуға мүмкіндік туды. Сатып алушы нысанды 24,7 млрд теңгеге сатып алды.
Мамандан «Байсаттың» құнын бастапқыда 28,6 млрд теңгеге бағалаған. Алайда Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (KUVA) оның құнын шамамен 13%-ға түсірген.
Айта кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере...