Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) MV Hondius кемесімен круизге шыққан тоғыз адамның хантавирус жұқтырғанын анықтады. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Жолаушылар вирус жұқтырды
11 мамыр, дүйсенбі күні, ДДСҰ хантавирус (Andes virus штаммы) жұқтырған азаматтар туралы мәліметті жаңартты. Алдында жетеу болған. Франция екі жолаушының вирусқа шалдыққанын анықтаған соң, науқастардың жалпы саны тоғызға жетті.
Ұйым мәліметінше, жұқпалы аурудан барлығы үш адам қайтыс болған.
Қазір круизден оралған лайнер Испанияның Тенериф аралында тұр. Жергілікті билік оны портқа кіргізбей, зәкірді ашық теңізге тастауды бұйырған.
Енді кемедегі жолаушыларды катерлермен эвакуациялап, өз елдеріне жіберіп жатыр. Олардың арасында Испания, Германия, Нидерланд, АҚШ және Франция азаматтары бар...