Алматы облысының әкімдігі Есік көліндегі бөгетті мемлекет меншігіне қайтаруда. Бұған міндеттемелердің орындалмауы түрткі болған.
Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы облысы әкімдігінің пікірінше, инвестор нысанды қауіпсіз пайдалану және жаңғырту жобасын іске асыру жөніндегі міндеттемелерін орындамаған.
Осыған байланысты Есік көліндегі бөгет бойынша «Habel» ЖШС-мен жасалған сенімгерлік басқару шартын бұзған.
Орындалуға тиіс міндеттер
«Есік көліндегі бөгет пен оған іргелес аумағы 140 гектардан асатын стратегиялық маңызы бар гидротехникалық нысан ұзақ жылдар бойы күрделі жаңғырту мен кешенді қалпына келтіру жұмыстарын қажет етуде. Сондықтан 2024 жылдың соңында ашық тендер қорытындысы бойынша бөгет пен оған іргелес аума...