Apple компаниясы iOS 27 жүйесіне iPhone Handoff функциясын іске қоспақ. Жаңа функция арқылы бір телефон нөмірін екі iPhone-ға қатар қосып, екі құрылғыдан да пайдалануға болады. Осылайша, пайдаланушы бір смартфоннан екіншісіне ауысқанда SIM-картаны қайта салып әуре болмайды.
Жаңа функцияның жұмысын MacRumors форумының қатысушысы көрсетті. Ол Xcode 27 жүйесіндегі Device Hub арқылы екі виртуалды iPhone іске қосып, мобильді байланысты бір құрылғыдан екіншісіне ауыстыру мүмкіндігін көрсетті.
iPhone Handoff баптауы «Ұялы байланыс» бөлімінде пайда болуы мүмкін. Пайдаланушы екі смартфонның қайсысын негізгі, ал қайсысын қосымша құрылғы ретінде қолданатынын таңдай алады.
Бұл ретте негізгі eSIM бірінші құрылғыда сақталады, ал екінші iPhone-ға қосымша eSIM берілед...