Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Үкіметтің атқарған жұмысына баға берді.
«Біз соңғы жылдары жаһандық және жалпыұлттық ауқымдағы көптеген қиындықты бастан өткердік. Үкімет күрделі кезеңдегі жаңа талапқа тез бейімделді. Сол арқылы экономиканың тоқырауына жол берген жоқ. Жұмыс орындарын қысқартпай, сақтап қалды. Шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2 пайызға өсті», – деді Тоқаев.
Айтуынша, халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелер уақтылы және толығымен орындалды.
Сондай-ақ Үкімет пен Парламент экономиканы дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін барлық күш-жігерін жұмылдыруға тиіс екенін айтты.
«Тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4 пайыз болуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан экономиканы...