Ұйымдасқан қылмыстық топ Павлодар облысы мен Алматы қаласында вейптерді заңсыз айналымға шығарумен айналысқан. Қаржы мониторингі агенттігі оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынғанына қарамастан, күдікті тұрақты табыс табу мақсатында вейптерді сатудың жүйелі әрі тұрақты схемасын ұйымдастырған.
Заңсыз әрекетті жасыру мақсатында дүкендер желісі кальян өнімдерін сатады деп көрсетілген. Алайда іс жүзінде электрондық тұтыну құрылғылары мен олардың қосалқы бөлшектері сатылған. Тыйым салынған өнімдер «Telegram» мессенджері арқылы да өткізіліп, жеткізу қызметі пайдаланылған.
«Заңсыз саудадан түскен қаражат қолма-қол түрде де, жеке кәсіпкерлердің банк шоттары арқылы да жиналып, кейін қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген. Тінту...