Қарағандыда ұлынан айырылған әйел үш медициналық мекемеден 5 млн теңге өндіріп алды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылдың наурызында әйел 16 жастағы ұлын балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізген. Он күн бойы дене қызуы бар екеніне шағымданған.
Жасөспірімді ауруханаға жатқызу қажет екені айтылған. Алайда анасы бас тартқан. Соттың хабарлауынша, әйелге ауруханаға жатқызу қажет екені дұрыс түсіндірілмеген.
Артынша жасөспірім қатерлі ісікке шалдыққан болуы мүмкін деген күдікпен стационарға жатқызылған.
«Алайда аурухана басшылығы мен денсаулық сақтау басқармасы оған республикалық орталықтардың мамандарын тартып, шұғыл консультация алу және науқасты бейінді мекемеге ауыстыру мүмкіндігі туралы уақытылы хабарламаған...