Германия билігі қазір сырттан бақыланып тұрған елдегі «Роснефть» концернінің еншілес компанияларын ұлттандыруға ниет білдірді. Бұл туралы Handelsblatt Германияның министрлер кабинетіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады
«Федералдық экономика министрлігі Rosneft Deutschland (RD) мұнай компаниясын мемлекет меншігіне алуға дайындалуда. Дүйсенбіде ресейлік «Роснефть» концерні тиісті тыңдауға ресми қатысты», – делінді мақалада.
Handelsblatt сайтының нақтылауынша, ресми шара болып саналатын тыңдаудың соңы ұлттандыру шарасына ұласады.
Дерек көзінің мәліметінше, әзірге түпкілікті шешім жоқ, алайда Берлин сыртқы бақылау мерзімін ұзартуға қарсы.
2023 жылғы желтоқсанда «Роснефть» өзінің еншілес компанияларын Германияның Федералдық желі агенттігінің сыртқы басқаруына беруіне байланысты Германияның Федералдық әкімшілік сотына конституциялы...