Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде ұшақтар мен пойыздардың кестесіне өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Қорының ресми Telegram-каналы хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, ҚТЖ пойыздардың қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізеді. Пойыздар наурыз айында билетте көрсетілген уақытта келіп, жөнелтілетін болады.
«Ең бастысы, жолаушылар уақытты ауыстыру керек»,– делінген хабарламада.
Қазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді.
«Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Тараз, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Өскемен, Семей, Талдықорған және Жезқазған қалаларына/қалаларынан ұшу уақыты 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:01-ден басталатын (елорда уақыты бойынша) рейстерге авиабилеттер сатып алған жолаушыларға әуежайлардың call-орталықтарына хабарласып, рейсті орындау...