Қазақстанда электронды лездік лотерея сату дүңгіршектерінің қызметіне шектеу қойылды. Бұған ел азаматтары мен мемлекеттік органдардан келіп түскен арыз-шағым негіз болды.
Ақпаратқа сәйкес, республика аумағында «Lotomatic» терминалдары/киоскілері арқылы электронды лездік лотереяны тарату уақытша тоқтатылды. Ол ереже 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап күшіне енген.
«Алайда кейбір жерлерде «Lotomatic» «сары-көк» ресми терминалдарына ұқсас безендірілген жалған аппараттар заңсыз жұмыс істеуі мүмкін. Осыған орай азаматтарды қырағы болуды және заңсыз лотерея терминалдарының қызметін пайдаланбауды, сондай-ақ заңсыз жұмыс істеп тұрған «Lotomatic» киоскілері немесе лотерея терминалдарын байқасаңыз министрліктің Telegram және WhatsApp (+7 707 9071507) чат-ботына хабарлауды сұраймыз. Әрбір өтініш лотерея операторы мен құқы...